2018 жылы 2 маусымда Атырау қаласында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. Донақов судьялар қоғамдастығымен кездесті

2018 жылы 2 маусымда Атырау қаласында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т. Донақов судьялар қоғамдастығымен кездесті
 2018 жылы 2 маусымда Атырау қаласында Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы  Т. Донақов Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары соттарының судьялар қоғамдастығымен кездесті.
Кездесу барысында қолданыстағы судьялыққа кандидаттардан біліктілік емтиханын қабылдау, олардың тағылымдамадан өтуі, Сот төрелігі академиясындағы оқу, судья лауазымына кандидаттарды іріктеу жүйесі, судьяның бос орындарына конкурсқа қатысушылардың кәсіби қызметін және моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау, сондай-ақ судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеуі кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері, оның ішінде саладағы проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
     Бұдан басқа, судьялар қауымдастығы Кеңестің судьяларды дайындау, іріктеу және мансаптық көтеру жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіп отырған жұмысы туралы хабардар етілді.
    Кездесу қорытындылары бойынша белсенді пікір алмасу өтті, олар Жоғары Сот Кеңесін және судьяларды дайындау, іріктеу және мансаптық көтеру жүйесін жаңғырту жұмысында ескерілетін болады.

 

 

Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты