Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Француз Республикасында жұмыс іссапарымен болды

Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Француз Республикасында жұмыс іссапарымен болды

Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Кеңес Төрағасы Т.Донақовтың басшылығымен ағымдағы жылы 11-13 маусым аралығында Француз Республикасында ресми сапармен болды.

Жұмыс іссапары барысында Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігінің қолдауымен Францияның Жоғары Магистратура кеңесінің өкілдерімен кездесіп, олармен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, Франция Республикасының Әділет министрлігінде кездесу өтті, онда Франция Әділет министрлігінің судьяларды іріктеу, оларды жылжыту және біліктіліктерін арттыру саласындағы тәжірибесі зерделенді.

Бұдан басқа, сапар барысында Ұлттық магистратура мектебінде кездесу болды, мұнда француз әріптестердің судья кадрларын дайындау және олардың біліктіліктерін арттыру саласындағы тәжірибесі зерделенді.

Іссапар барысында алынған француз әріптестердің ақпараты мен тәжірибесі мұқият зерделенеп, Жоғары Сот Кеңесін және елімізде судьялар кадрларын іріктеу мен жылжытудың бүкіл жйүесін жаңғырту жөніндегі жұмыс барысында пайдаланылатын болады.

Жалпы жұмыс іссапары Қазақстан мен Францияның сот-құқықтық саладағы ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

 
 
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты