Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Италия Республикасында жұмыс сапармен болды

Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Италия Республикасында жұмыс сапармен болды

Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Кеңес Төрағасы Т.Донақовтың басшылығымен ағымдағы жылы 14-15 маусым аралығында Италия Республикасында жұмыс сапармен болды.

Жұмыс іссапары барысында Қазақстанның Италиядағы елшілігінің қолдауымен Италияның Жоғары Магистратура кеңесінің уәкілетті органымен судьяларды іріктеу және жылжыту жөнінде кездесіп, олармен ынтымақтастық және тәжірибе алмасу жөнінде алдын ала келісімдерге қол жеткізді.

Сонымен қатар, Италия Республикасының Әділет министрлігінде кездесу өтті, онда Италия Әділет министрлігінің соттық әкімшіліктендіру саласындағы тәжірибесі зерделенді.

Іссапар барысында алынған италия әріптестердің ақпараты мен тәжірибесі мұқият зерделеніп, Жоғары Сот Кеңесін және Қазақстанда судьялар кадрларын іріктеу және жылжытудың бүкіл жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс барысында пайдаланылатын болады.

Өткізілген сапар сот-құқықтық шеңберінде қазақстан-италия ынтымақтастығын күшейтуге мүмкіндік береді.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты