
Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы Кеңес Төрағасы Т.Донақовтың басшылығымен ағымдағы жылы 18-19 маусым аралығында Испания Корольдігінде жұмыс сапармен болды.
Жұмыс іссапары барысында Қазақстанның Испаниядағы елшілігінің қолдауымен Испанияның Жоғарғы Соты, Сот төрелігінің Бас кеңесінің басшылары мен өкілдерімен судьяларды іріктеу және жылжыту жөнінде кездесіп, Бас кеңестің құзыреттілігіне кірітеін мәселелер талқыланды.
Іссапар барысында алынған испания әріптестердің ақпараты мен тәжірибесі мұқият зерделеніп, Жоғары Сот Кеңесін және Қазақстанда судьялар кадрларын іріктеу және жылжытудың бүкіл жүйесін жаңғырту жөніндегі жұмыс барысында пайдаланылатын болады.
Өткізілген сапар сот-құқықтық шеңберінде қазақстан-испания ынтымақтастығын күшейтуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты