2018 жылы 27 маусымда судьялардың бос орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі

2018 жылы 27 маусымда судьялардың бос орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі

2018 жылы 27 маусымда судьялардың бос орындарына кандидаттарды конкурстық іріктеудің кезекті кезеңі – Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелерінің кандидаттардан сұхбат алуы іске асырыла бастады. Сұхбат алудың мақсаты, ең алдымен, судья лауазымдарына кандидаттардың коммуникативті дағдыларын анықтау болып табылады.

Сұхбат алу үшін кандидаттарды іріктеген кезде Кеңестің тұрақты мүшелері «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 29-бабымен және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» занның 18-бабының                                  2-тармағымен көзделген критерийлерді басшылыққа алды, оның ішінде білім деңгейінің жоғары болуы, жоғары моральдық-адамгершілік қасиеттері мен мінсіз беделінің болуы, ал жұмыс істеп жүрген судьялар үшін сондай-ақ жұмыс өтілі және сот төрелігін іске асыру сапасы.

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты