
2018 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган осыдан бұрын енгізген Жоғарғы Сот судьясының лауазымына 3 бос орынның ашылуы туралы ұсынымын ресми түрде қайтарып алуына байланысты Кеңес 2018 жылғы 12 маусымда осы судьялық бос орындарға орналасуға жариялаған конкурсты тоқтатады.
Жоғары Сот Кеңесіне Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тиісті ұсынымы түскен жағдайда бұл конкурс кейін қайта жарияланатын болады.
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі