
«2018 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 467 қаулысымен Жоғары Сот Кеңесіне бейнеконференцбайланысы жүйесін сатып алуға 58,8 млн. теңге мөлшерінде қосымша қаржы қаражаты бөлінді.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған жабдықтарды мемлекеттік сатып алу оның бірыңғай ұйымдастырушысы болып табылатын Қаржы министрлігінің көмегімен жүзеге асырылатын болады.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталған, жабдықтар жеткізілген және орнатылған соң, сондай-ақ Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тиісті байланыс арнасын бергеннен кейін Жоғары Сот Кеңесінің бейнеконференцбайланыс жүйесі іске қосылады. Барлық көзделген іс-шаралар уақтылы орындалған жағдайда, бейнеконференцбайланыс жүйесі ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында жұмыс істейтін болады деп күтілуде.
Аталған іс-шаралар Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесін цифрландыру және техникалық жарақтандырылуын жақсарту шеңберінде Кеңестің ашықтығын қамтамасыз етуге және жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.