
2020 жылғы 28 ақпандағы Жоғары Сот Кеңесі жариялаған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқалары төрағаларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасу үшін конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі жарияланды.
Конкурсқа қатысуға 460 үміткер жіберілді.
94 үміткер жіберілмеді, олардың ішінде:
- судьялыққа кандидаттың жасына қойылатын талаптарға сай келмейтін (1);
- «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес атқаратын тең дәрежелі лауазымда екі жылдан аз жұмыс істеген, сондай-ақ сот төрағасы лауазымда екі реттен артық қызмет атқарған (7);
- конкурсқа қатысу үшін толығымен құжаттарды жолдамаған (69);
- құжаттарды қабылдау мерзімінен кеш жолдаған (а.ж. 15 сәуірден кейін) (13);
- конкурсқа қатысу үшін ұсынылған өтінішті қайтарып алған үміткерлер (4).
Құрметті кандидаттар, жоғарыда көрсетілген құжатарды қайтару негіздерін ескере отырып, конкурсқа қатысқан жағдайда құжаттарды жарияланған хабарландыруда көрсетілген тізімге және шарттарға сәйкес ұсынуды сұраймыз.