
2020 жылы 22 мамырда бейнеконференцбайланыс жүйесі пайдалану арқылы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына қатысты 6 тәртіптік іс қаралды. Отырыстың қорытындылары бойынша 6 судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте жазаның мынадай түрлері қолданылды:
- судья қызметінен босату - 2;
- сөгіс - 1;
- ескерту - 3.
Судьяларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға олардың сот ісін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны және судья әдебі нормаларын бұзғаны негіз болды.
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты