Нормативтік құжаттар жаңартылған редакцияда орналастырылды

Нормативтік құжаттар жаңартылған редакцияда орналастырылды

Жоғары Сот Кеңесінің ағымдағы жылғы 3 сәуірдегі отырысында судьяларды конкурстық іріктеу жүйесін жетілдіру және судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру, Сот жюриі және Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестер қызметінің тәсілдері мақұлданды.

Осыған байланысты, Жоғары Сот Кеңесінің регламентіне, Сот жюриінің регламентіне, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы ережеге, Судья лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру қағидаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Аталған құжаттардың жаңартылған редакциядағы мәтіндері сайтта «Жоғары Сот Кеңесі туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер» бөлімдерінде орналастырылды.