
2019 жылғы 24 қазандағы конкурста өткізілген жоқ деп танылған аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының бос орындарына Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі конкурстың екінші кезеңін жариялайды
Ақмола облысы бойынша:
Сандықтау аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Алматы облысы бойынша:
Кеген аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Еңбекшіқазақ ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Қостанай облысы бойынша:
Арқалық қалалық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Маңғыстау облысы бойынша:
Бейнеу аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Түпқараған аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Аққайың аудандық сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы сотының төрағасы (жалпы юрисдикция);
Барлығы: 8 лауазым.
«Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 18-бабы 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес егер конкурс нәтижесінде ұсынылған бос лауазымдарға кандидаттар іріктеп алынбаса, онда мұндай бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылады және судья лауазымдарына конкурсқа қатысқан, бірақ оларға іріктеліп алынбаған кандидаттарға олардың келісуімен, конкурс қорытындылары бойынша толтырылмай қалған басқа судья лауазымдары ұсынылуы мүмкін.
Осыған байланысты 24.10.2019 жылғы конкурсқа облыстық соттардың алқа төрағалары және аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының лауазымдарына қатысқан адамдар жоғарыда көрсетілген конкурс өтпеді деп танылған лауазымдарға орналасуға Кеңеске өтініш беруге құқылы.
Бірінші кезең шеңберінде қатысқан лауазымдарға кандидаттарға қайта қатысуға жол берілмейді.
Үміткерлер конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін 2020 жылғы 15 сәуірге дейін қосымша Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасының атына қолы мен күні қойылған өтініш ұсыну тиіс.
Қосымша өтініш Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс v.sovet@vss.gov.kz, өтініштің түпнұсқасы келесі мекенжайға жіберілу тиіс: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, № 1В кіреберіс, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі.
Анықтама үшін телефондар: 8(7172)74-91-03, 75-16-36, 75-03-09.
Қазақстан Республикасының
Жоғары Сот Кеңесі