Судьяның бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс қатысушыларына арналған ақпарат

Судьяның бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс қатысушыларына арналған ақпарат

2020 жылғы 28 ақпанда жарияланған бос судьялық лауазымдарына конкурстың аясында азаматтардың құжаттарын қабылдау мерзімі 2020 жылдың 15 сәуірінде аяқталады.

Осыған байланысты, осы конкурсқа қатысуға ниет білдірген, бірақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның, Жоғарғы Соттың жалпы отырысының, облыстық соттардың және соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестердің тиісті қорытындыларын алмаған адамдар конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Жоғары Сот Кеңесіне осы қорытындыларсыз жібере алатындығы туралы хабарлаймыз.

Аталған қорытындыларды кейіннен Жоғарғы Сот, сондай-ақ облыстық және оған теңестірілген соттар Жоғары Сот Кеңесіне өз бетінше жібереді.

Қорытындыларды алып үлгерген адамдар оларды құжаттар мен материалдар пакетіне қоса беруі қажет.