2020 жылы 03 сәуірде бейнеконференц байланыс арқылы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2020 жылы 03 сәуірде бейнеконференц байланыс арқылы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті

2020 жылы 03 сәуірде бейнеконференц байланыс арқылы Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Онлайн-шара барысында облыстық және оған теңестірілген кейбір соттардың төрағалары лауазымына тағайындау, облыстық соттардың сот алқалары, аудандық соттардың төрағаларын сондай-ақ жергілікті соттардың судьяларын лауазымынан босату мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, Кеңес аудандық және оған теңестірілген соттың төрағалары, облыстық және оған теңестірілген соттардың сот алқасы төрағалары мен судьялары, Жоғарғы Соттың сот алқалары төрағалары мен судьялары лауазымдарына кадрлық резервті бекітті.

Басқосуда Кеңес мүшелері сонымен қатар, кейбір жергілікті соттардың штаттық құрылымында судьялар санын қысқартуға келісім берді.

Сонымен қатар, отырыста облыстық соттардың сот алқалары және аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағаларының бос лауазымдарына жарияланған конкурс қорытындыланды.

Кеңес мүшелері қабылдаған шешімдер жайлы толық ақпарат Жоғары Сот Кеңесінің ресми сайтында орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты