
Жоғары Сот Кеңесі құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін облыстық және оларға теңестірілген соттар судьяларының бос лауазымдарына орналасуға конкурс өткізуде.
Конкурс Астана қаласының сотына, Шымкент қаласының сотына, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарына 10 бос орынға жарияланды.
Кандидаттар туралы пікірді Кеңестің сайтында ағымдағы жылдың 24 сәуіріне дейін «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде қалдыруға болады (өту).
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты