Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Бүгін Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті соттардың 6 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасына сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Қостанай және Қызылорда облыстарының аудандық соттарының екі судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау және сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу жаза қолдануға негіз болды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Ақтөбе және Алматы облыстары аудандық соттарының екі судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

Жасалған теріс қылық елеусіздігіне байланысты қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.

 

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты