
2024 жылғы 19 наурызда Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті, онда Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы және кейбір облыстық соттардың төрағаларын қызметке тағайындау туралы ұсыныстары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Кеңес Мемлекет Басшысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымына Жоғарғы Соттың судьясы Н.М. Рахметуллинаны тағайындауды ұсыну туралы шешім қабылдады.
Шымкент қаласы сотының төрағасы лауазымына Кеңестің ұсынымын Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ә.Ш. Шайхисламов алды.
Алматы облыстық сотының төрағасы лауазымына Жоғарғы Соттың судьясы Т.А. Ибрашев ұсынылды.
Маңғыстау облыстық сотының төрағасы лауазымына Шымкент қаласы сотының төрағасы Е.М. Рахимбековті ұсыну туралы шешім қабылданды.
Түркістан облыстық сотының төрағасы лауазымына осы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы А.Е. Султанов ұсынылды.
Әскери сот төрағасы лауазымына Әскери соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.П. Насирдинов ұсынылды.
Сондай-ақ, отырыста Қазақстан Республикасының Президентіне, Ж. Мұсабекұлы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, оны Әскери соттың төрағасы лауазымынан босатыла отырып, Алматы қалалық сотының судьясы лауазымына конкурссыз тағайындауды ұсыну туралы шешім қабылданды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты