
Ағымдағы жылдың 29 ақпанында жергілікті соттардың 4 судьясына қатысты тәртіптік істер қаралған Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы аудандық сотының төрағасына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау жаза қолдануға негіз болды.
Сот жюриінің шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы аудандық соттарының екі судьясына қатысты іс жүргізу тоқтатылды.
Маңғыстау облысы аудандық сотының судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі бойынша оның бұрын қызметінен босатылуына байланысты тоқтатылды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты