
Ағымдағы жылдың 23 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң ғылымдарының докторы, профессор, сот билігі туралы ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізін қалаушылардың бірі К.Х. Халиковты еске алуға арналған «Сот және құқық қорғау жүйесін дамытудың тұжырымдамалық бағыттары: республикалық және халықаралық-құқықтық тәжірибе» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты - сот жүйесі мен соттардың қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізуге, судьялар этикасы кодексіне, сот жүйесіндегі мүдделер қақтығысына, сот жүйесінің қызметіне қоғамдық бақылауға қатысты мәселелерді талқылау.
Жыл сайынғы конференцияға судьялар, Қазақстан мен Беларусь заң және ғылыми қоғамының өкілдері қатысты. Форум жұмысына Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Н. Беғалиев қатысты. Конференцияға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде ол судьяларға қатысты тәртіптік іс жүргізуді бастау үшін жедел-іздестіру қызметінің материалдарын пайдаланудың кейбір қайшылықты мәселелері туралы айтты.
Пленарлық және секциялық сессиялардан тұратын Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тәжірибе, ғылыми нәтижелер, ғылым өкілдерінің, практикалық қызметкерлер мен судьялардың пікірлерімен алмасу алаңына айналды.
Конференция қорытындысы бойынша соттар жұмысының қызметін жетілдіруге, сондай-ақ судьялардың рөлі мен мәртебесін арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық ұсынымдар қабылданды.
Сондай-ақ, ғылыми конференция аясында заң ғылымдарының докторы Е.Н. Беғалиев қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының студенттері алдында көшбасшылық дәріс оқыды. Дәріс барысында оларға біліктілік емтиханынан өту және судья лауазымына түсу мәселелері қозғалды. Соңында Е.Н. Беғалиев студенттерді Жоғары Сот Кеңесі өткізетін «Қалай судья болуға болады» тақырыбындағы онлайн-семинарларға белсенді қатысуға шақырды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты