Жоғары Сот Кеңесінде Кеңестің жаңа хатшысы - Аппарат басшысы ұсынылды

Жоғары Сот Кеңесінде Кеңестің жаңа хатшысы - Аппарат басшысы ұсынылды

Бүгін Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы отырыс өткізіп, Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлеріне жаңа хатшы-аппарат басшысын ұсынды. Мемлекет Басшысының Өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков тағайындалды.

Дәурен Болатұлы Мұратбеков, 1984 жылы туған, 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Халықаралық заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде (қайта құрылғаннан кейін - Экономикалық даму және сауда министрлігі) бастады, онда жетекші маман лауазымынан бастап өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының бастығына дейін дәйекті жұмыс істеді.

2011 жылдан бастап – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ инновацияларды қолдаудың сервистік құралдарын әкімшілендіру орталығы директорының орынбасары.

2013 жылдан бастап – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарушы директоры - Жобаларды талдау және мониторингтеу орталығының директоры.

2014 жылдан - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментінің директоры.

2018 жылдан - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сектор меңгерушісі.

Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ мерекелік медальдармен марапатталған.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты