Жоғары Сот Кеңесі судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама жариялады

Жоғары Сот Кеңесі судья кадрларының жай-күйі туралы Ұлттық баяндама жариялады

Жыл сайын Жоғары Сот Кеңесі «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 3-бабына сәйкес елдегі судья кадрларының жай-күйі және Мемлекет басшысының соттарды қалыптастыру жөніндегі конституциялық өкілеттіктерін, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеу кепілдіктерін қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы Ұлттық баяндама жариялайды.

№6 Ұлттық баяндамада 2023 жылдағы судьяларды даярлау, іріктеу, жоғарылату, олардың кәсіби қызметін бағалау, оларды жауапкершілікке тарту және қызметтен босату саласындағы істердің жай-күйі туралы деректер мен талдау қамтылған.

Сонымен қатар, баяндамада Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауда және «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында, сондай-ақ судьяларды іріктеу жүйесін жаңғырту жөніндегі міндеттерді іске асыру қорытындылары туралы ақпарат көрсетілген.

Ұлттық баяндаманың толық мәтінімен ҚР Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты