
2024 жылы 2 ақпанда мемлекет Басшысы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Д.А. Шиппті қабылдады.
Президентке еліміздің судьялар корпусының жай-күйі, Жоғары Сот Кеңесінің 2023 жылы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы ақпарат берілді.
Кеңес үшін өткен жыл Кеңестің институционалдық нығаюына және оның қарауына судьялыққа кандидаттарды даярлауға, олардың біліктілігін арттыруға, шекті жасын ұзартуға, қолданыстағы судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұруға және тоқтатуға қатысты мәселелерді беруге қатысты ел басшылығы қойған міндеттерді үдемелі іске асырумен ерекшеленетінін Денис Шипп хабардар етті. Осы тапсырмаларды орындау үшін 2023 жылғы наурызда тиісті заңнамалық түзетулер қабылданды.
Кеңес судьяларды іріктеуді жетілдіру, оның ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырды. Қабылданған шаралардың арқасында 2023 жылы жаңадан келген судьялар санының жыл сайынғы өсуінің 2021 жылдан бері қалыптасқан оң үрдісі сақталды. 2023 жылы судьялар алғаш рет ұсынған адамдардың саны (146), қызметтен шыққан судьялардың санынан (114) 32 адамға асып кетті.
Конкурстық іріктеудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы алғаш рет оның нәтижелерін егжей-тегжейлі дәлелді түсіндіре отырып, конкурстық рәсімдердің онлайн-трансляциясы енгізілді. Сондай-ақ, Парламент Сенатына енгізу үшін, өткен жылы баламалы негізде Жоғарғы Соттың судьясы лауазымына кандидаттар мемлекет Басшысына алғаш рет ұсынылды.
Президентке аудандық соттардың төрағаларын лауазымдарға сайлау элементтерін енгізуге байланысты судьялық лауазымдарға кадр резервін қалыптастыру институтының рөлін күшейту туралы ақпарат берілді.
Қазіргі уақытта Сот жюриінің шығарылуы кезінде судья өрескел заң бұзышылыққа жол берген, күші жойылған әрбір сот актісін тексеру тетігін енгізу бойынша жұмыс жалғасуда.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы судьялардың тәуелсіздігін және оларды сапалы іріктеуді күшейтуге бағытталған реформаларды сапалы іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.