Бүгін Жоғары Сот Кеңесінде ұйымдастырылған отырыс өтіп, онда Сот жюриінің жаңа төрағасы сайланды.
Ашық дауыс беру қорытындысына сәйкес Сот жюриі мүшелерінің бізауыздан шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Н.Ү. Қайыпжан Сот жюриінің төрағасы болып сайланды.
Нұржан Үсіпханұлы Қайыпжан, 1963 жылы туған, 1986 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын прокуратура органдарында бастады. 1996 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы, Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы, Алматы облыстық сотының төрағасы болып жұмыс істеді. 2010 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жоғарғы Соттың судьясы қызметін атқарады.
Судьялық жұмыс өтілі 27 жылдан асады.
«Құрметті судья» атағына ие болды, «Мінсіз қызметі үшін» І және ІІ дәрежелі медальдарымен, «Жеті жарғы» құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының сот жүйесіне 30 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл».
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты