Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

2024 жылғы 23 қаңтарда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының, Сот жюриінің және Кадр резерві жөніндегі комиссияның 2023 жылғы жұмыс қорытындылары туралы ақпарат тыңдалды, сондай-ақ Кеңес жанындағы жұмыс органдарының құрамына өзгерістер енгізілді.

Кеңес лауазымға алғаш тағайындалған және кәсіби қызметін бағалаудан сәтті өткен аудандық соттардың 90 судьясының бір жылдық жұмысының нәтижелерін бекітті.

Сондай-ақ, судья лауазымында болу мерзімін Батыс Қазақстан облысы аудандық сотының бір төрағасының және Түркістан және Алматы облыстары аудандық соттарының зейнеткерлік жасқа толған екі судьясының, сондай-ақ Ұлытау облысы сотының судья лауазымында болудың шекті жасына жеткен бір судьясының судья лауазымында одан әрі болу туралы шекті жасына жеткенге дейін ұзарту туралы өтініштер қаралды. Өтініштерді қарау қорытындысы бойынша судьялық өкілеттік мерзімдерін ұзартудан бас тартылды.

Бұдан басқа, республика соттарының 5 төрағасы мен судьяларын атқаратын лауазымдарынан босату туралы ұсынымдар берілді, оның ішінде 2 – отставкаға кетуіне, 1 – зейнеткерлік жасқа толуына байланысты, 1 – өз қалауы бойынша осы соттың судьясы қалдыра отырып, сот төрағасы лауазымынан, сондай-ақ 1 – қайтыс болуына байланысты.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты