Жоғары Сот Кеңесінің құрамында кадрлық өзгерістер болды

Жоғары Сот Кеңесінің құрамында кадрлық өзгерістер болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жоғары Сот Кеңесінің төрт жаңа мүшесі тағайындалды.

Олардың арасында: Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Алтын Шалабайқызы Айтуарова, Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалымжан Қансейітұлы Нұрлықұлов, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Сапар Әбдірманұлы Әміртаев, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының арнайы заң пәндері кафедрасының профессоры Ернар Нұрланұлы Бегалиев.

Мерзімдердің өтуіне байланысты осы Жарлықпен Кеңес мүшелерінің – А.Д. Қалимұқашеваның, М.И. Жұмағұловтың, Ә.Ә. Нұржановтың, Ғ.Ғ. Сағиденовтің өкілеттіктері тоқтатылды.

Кеңестің жаңартылған құрамымен сілтеме бойынша танысуға болады - https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/about/structure/100096/1?lang=kk.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты