Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық сотының төрағасы мен Алматы облысы аудандық сотының судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды, Жетісу облысы аудандық сотының төрағасы атқаратын қызметінен босату түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаза қолданудың негіздері өздерінің лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамау, қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу және судьялық әдепке қайшы келетін теріс қылық жасау болды.

Тәртіптік жаза қолданылған судьялар өздеріне байланысты қабылданған шешімдерге қатысты Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы, сол себепті Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі Жоғарғы соттың апелляциялық сатыдағы сот актісінің күшін жоюына байланысты, оның шығарылуы тәртіптік іс жүргізуді қозғауға негіз болған, сондай-ақ тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты аудандық соттардың 4 судьясына қатысты іс жүргізуді тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты