Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

2023 жылғы 17 қарашада Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.

Отырыста Кеңес облыстық және оған теңестірілген соттар алқалары төрағалары мен судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының 99 бос орнын өткізілетін конкурс қорытындыларын шығарды.

Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтер Кеңес отырысының онлайн-трансляциясы кезінде жарияланды.

Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша орналастырылады.

Сонымен қатар, Кеңес зейнеткерлік және шекті жасқа толған 5 судьяға қатысты судья лауазымында одан әрі болу туралы мәселені қарады. Қарау нәтижелері бойынша бір судьяға судья лауазымында болу мерзімін ұзартудан келісім беріліп, 4 судьяға - бас тартылды.

Сондай-ақ, Кеңес мүшелері Ақмола облысы аудандық соты судьясының Сот жюриінің ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешіміне шағымдану туралы өтінішін қарады. Талқылау қорытындылар бойынша Сот жюриінің шешімі негізді деп танылды.

Бұдан басқа, отставкаға кетуіне, зейнеткерлік жасқа немесе судья лауазымында болудың шекті жасына толуына байланысты, басқа жұмысқа ауысуына байланысты, өз еркімен лауазымдардан босатуға 15 адам ұсынылды. Бұдан басқа, Алматы қаласы мен Түркістан облысы аудандық соттарының 2 төрағасы өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, осы соттардың судьяларді етіп қалдыра отырып, лауазымдарынан босатуға ұсынылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты