
Бүгін Жоғары Сот Кеңесінде Танзания сот жүйесінің өкілдерімен кездесу өтті.
Танзанияның сот қызметі істері жөніндегі Комиссиясының Басшысы Элисанте Оле Габриэль бастаған шетелдік делегация құрамына Танзанияның сот жүйесінің тұрақты хатшысының орынбасары, сот қызметі бөлімінің бастығы және басқа да лауазымды тұлғалары кірді.
Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстанның Жоғары Сот Кеңесі жұмысының ерекшеліктерін зерделеу және екі ел арасында тәжірибе алмасу.
Кездесу аясында қатысушылардың назарына судьялардың біліктілік емтиханы мен конкурстық іріктеуі, судьялардың қызметі мен тәртіптік жауапкершілігін жоғарылату туралы ақпарат ұсынылды.
Бұдан әрі кадрларды судьялық лауазымдарға тағайындауға қатысты мәселелер бойынша пікір алмасу және жан-жақты талқылау өтті.
Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытты.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты