Ағымдағы жылдың 24 қазанда Жоғары Сот Кеңесінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара және мемлекеттік наградаларды марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы құттықтау сөзінде 25 қазан күні әрбір қазақстандық үшін маңызды болып табылатынын атап өтті, өйткені дәл осы күні мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Ұжымды мерекелік күнімен құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыс етіп, Кеңес Төрағасы қызметкерлердің сот жүйесі кадрларын сапалы дамыту мен жаңартуды қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.
Салтанатты іс-шара барысында «Құрмет» орденімен Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі - Жоғарғы Соттың судьясы Нұрия Оралжанқызы Сисенова, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі - Павлодар облыстық сотының судьясы Ғұлар Ғаббасүлы Сағиденов, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушісі Қуаныш Амангелдінұлы Сәлімжан марапатталды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты