
2023 жылғы 3-6 қазанда судья лауазымына біліктілік емтиханынның шеңберінде заңнаманы білуін компьютерлік тестілеу өткізілді.
Тестілеуге 144 адам қатысты, олардың ішінде 55 кандидат оң нәтижерелді көрсетті (сот жүйесінің қызметкерлері – 31, адвокаттар – 8, прокурорлар – 6, ұйымның заңгерлері – 4, мемлекеттік органдарының қызметкері – 3, жұмыссыз – 2, құқық қорғау органдарының қызметкері – 1).
Аталған кандидаттар біліктілік емтиханынның келесі кезеңдеріне –эссе жазу, кейстегі есептерді шешу, психологиялық тестілеуге жіберіледі.