
2023 жылы 2 қазанда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.
Жоғары Сот Кеңесіне Мемлекет басшысының Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының төрағасы А.М. Үмбетайды әкімшілік жауапкершілікке тартуға келісім беруі туралы Бас Прокурордың ұсынымы келіп түсті.
Барлық келіп түскен материалдарды қарап, Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің сот төрағасына сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға келісім беру мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдады.
Бұдан басқа, Кеңес мүшелері Республика соттарының 8 судьясының отставкаға шығуына байланысты атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсынымдар қабылдады.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты