
Судьялық лауазымдарға үміткерлерді іріктеу кезінде қазақстандықтардың пікірлері ескеріледі.
Судьяларды іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Жоғары Сот Кеңесі азаматтарды конкурсқа қатысатын кандидаттар туралы пікірмен бөлісуге шақырады.
Бүгінгі күні Жоғары Сот Кеңесі 335 бос судьялық орынға конкурс өткізуде.
Пікірді Кеңестің сайтында «Конкурсқа қатысушылар туралы азаматтардың пікірлері» бөлімінде ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін қалдыруға болады (өту).
Іріктеу барысында жұртшылықтың пікірімен қатар үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Бұдан басқа, кандидаттар адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандары кіретін конкурстық комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты