
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары аудандық соттарының 4 судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Азаматтық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу және судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау жаза қолданудың негізі болды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Маңғыстау облысы аудандық сотының төрағасына қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты