
Ағымдағы жылдың 10 тамызында жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралған Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Ұлытау облысы аудандық сотының судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу жаза қолданудың негізі болды. Сот жюриінің шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Алматы қаласы аудандық сотының судьясына және судья қызметінен босатылуына байланысты Ақмола облысы аудандық сотының бұрынғы судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы аудандық соты судьясының сөгіс түрінде бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініші қанағаттандырылды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты