
Жоғары Сот Кеңесі жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына кадр резервіне қабылданған адамдардың кезекті тізімін бекітті
Жоғары Сот Кеңесінің 2023 жылғы 29 маусымдағы шешімімен аудандық және оған теңестірілген сот төрағасы, облыстық және оған теңестірілген сот төрағасы, сот алқаларының төрағалары және судьясы, Жоғарғы Сот судьясы лауазымдарына кадр резервіне қойылған адамдардың кезекті тізімі бекітілді. Барлығы 62 кандидат қабылданды.
Іріктеу кезінде қазіргі заманғы HR-технологиялар қолданылды, оның ішінде кандидаттардан сұхбат алынды, сондай-ақ судьялар қауымдастығы мен азаматтық қоғамның пікірі де ескерілді.
Кадр резервін қалыптастыру кезінде айқын және бәсекеге қабілетті тетіктерге негізделген судьяларды конкурстық іріктеу жүйесінің элементтері белсенді түрде пайдаланылды.
Кеңес жанындағы Кадр резерві жөніндегі комиссия барлығы 284 адамды қарады, одан кадр резервіне 62 кандидат (22%) іріктелді, оның ішінде 3 – судья лауазымдарының екі санатына резервке қойылды. Іріктелген кандидаттардың толық тізімімен осы сілтеме бойынша танысуға болады. Сілтеме
Резервке қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу кезінде Кадр резерві жөніндегі комиссия мынадай критерийлерді басшылыққа алды:
Резервте тұру мерзімі – үш жыл.
Кадр резерві жөніндегі комиссия жоғары тұрған және басшы судья лауазымдарына резервке кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады. Жақын уақытта кадр резервін қалыптастырудың кезекті кезеңіне өтініштер мен құжаттарды қабылдау басталады.
Осы сілтеме бойынша өзекті кадр резервінің толық тізімімен танысуға болады, онда 124 адам бар, оның ішінде 9 – судья лауазымдарының екі санатына резервте тұр. Сілтеме
Сонымен, қолданыстағы кадр резервінде:
Жоғарғы Сот судьясы лауазымына – 18;
облыстық сот төрағасы лауазымына – 4;
облыстық соттың сот алқаларының төрағалары лауазымдарына – 6;
облыстық сот судьясы лауазымына –76;
аудандық сот төрағасы лауазымына – 29 адам тұр.
Бұдан басқа, резервте тұрған бірқатар адам заңнамада белгіленген негіздер бойынша кадр резервінен шығарылды. Осы сілтеме бойынша кадр резервінен шығарылған адамдардың тізімімен танысуға болады. Сілтеме