
2023 жылғы 29 маусымда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.
Отырыста Кеңес аудандық және оларға теңестірілген соттар судьяларының 225 бос орынға арналған конкурс қорытындысын шығарды. Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылған кандидаттар туралы мәліметтер Кеңес отырысының онлайн-трансляциясы кезінде жарияланды.
Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша орналастырылады.
Кеңес Атырау облыстық сотының төрағасы лауазымына Шымкент қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.А. Парменовты ұсынды.
Сондай-ақ, Кеңес мүшелері 3 судьяның судья лауазымын ұзарту туралы өтініштерін қарады. Барлық өтініштерді қарау қорытындысы бойынша судьялық өкілеттік мерзімдерін ұзартудан бас тартылды.
Сонымен қатар, отставкаға кетуге және басқа жұмысқа ауысуға байланысты 8 судья қызметінен босатуға ұсынылды. Сондай-ақ, аудандық соттың бір төрағасын конкурстан тыс тәртіппен басқа аудандық соттың судьясы өз қалауы бойынша атқаратын қызметінен босата отырып тағайындауға ұсынды.
Отырыс шеңберінде лауазымдарға кадр резервіне алуға келісім берілді:
Жоғарғы Сот судьялары – 9 адам;
облыстық сот төрағасы – 1;
облыстық соттың сот алқасының төрағасы – 4;
облыстық соттың судьялары – 41;
аудандық сот төрағасы – 10.
Кадр резервіне қабылдау үшін кандидаттарды іріктеу кезінде меритократия қағидатын сақтау, сот төрелігін іске асырудың жоғары сапасы, үлкен судьялық өтілі мен жұмыс тәжірибесі, мінсіз беделі және кандидатқа қатысты компаға келмейтін мәліметтердің болмауы, судьялар қауымдастығы мен жұртшылықтың пікірі сияқты өлшемшарттар басшылыққа алынғанын атап өткен жөн.
Отырыста Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді. Біліктілік комиссиясы төрағасының өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты А.Ж. Бикебаев аталған лауазымға 20 жылдан астам заңгерлік өтілі бар тәжірибелі маман болып табылатын Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының мүшесі С. В. Сизинцев тағайындалды.
Бұдан басқа, отырыс барысында кеңес регламентіне түзетулер бекітіліп, судьялар корпусын жаңарту жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселе қаралды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты