Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Жоғары Сот Кеңесінде Сот жюриінің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 29 маусымында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Павлодар облысы аудандық сотының судьясы мен Қарағанды облысы аудандық сотының төрағасы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Судьяларды жауапқа тартуға қылмыстық істі қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзу және судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.

Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.

Алматы қаласы мен Ақмола облысы аудандық соттарының екі судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Сондай-ақ судьяның қызметінен босатылуына, атап айтқанда басқа жұмысқа ауысуына және соттың заңды күшіне енген айыптау үкімі негізінде Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарының бұрынғы судьялары мен аудандық соттарының төрағасына қатысты іс жүргізу тоқтатылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты