
Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының төрағасымен Р.А. Баталовпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесін нығайту, сот жүйесіне жоғары білікті мамандарды тарту, судьялардың тәуелсіздігінің кепілдіктерін күшейту, сот төрелігінің сапасын арттыру, сондай-ақ судьяларды бағалау және тәртіптік жауапкершілік институттарын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты