
2023 жылғы 12-14 маусымда судья лауазымына біліктілік емтиханынның шеңберінде заңнаманы білуін компьютерлік тестілеу өткізілді.
Тестілеуге 112 адам қатысты, олардың ішінде 37 кандидат оң нәтижерелді көрсетті (сот жүйесінің қызметкерлері – 21, прокурорлар – 2, ұйымның заңгерлері – 4, адвокаттар – 4, мемлекеттік органдарының қызметкері – 3, нотариус – 1, жұмыссыз – 2).
Аталған кандидаттар біліктілік емтиханынның келесі кезеңдеріне –эссе жазу, кейстегі есептерді шешу, психологиялық тестілеуге жіберіледі.