Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы

2023 жылғы 13 маусымда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық мәселелері қаралды.

Отырыста Кеңес Жоғарғы Сот судьяларының бос лауазымдарына конкурстың қорытындысын шығарды.

Судьялық лауазымдарға тағайындауға ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтер кеңес отырысының онлайн-трансляциясы кезінде жарияланды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңға түзетулер енгізілді, оған сәйкес Жоғарғы Сот судьясы лауазымына кандидатураларды Кеңес Сенатқа балама негізде енгізу үшін Мемлекет басшысына ұсынады.

Осылайша, осы байқау аясында кем дегенде екі үміткердің ішінен ең лайықтысын таңдауға мүмкіндік берілді. Бұл Жоғарғы Сот судьяларын іріктеудің объективтілігін және ең лайықты кандидаттарды сайлауды арттырады.

Ұсыным алған тұлғалар туралы толық ақпарат қосымша орналастырылады.

Сонымен қатар, отставкаға кетуге және басқа жұмысқа ауысуға байланысты Жетісу облысы мен Ақмола облысы аудандық соттарының 2 судьясы қызметінен босатуға ұсынылды.

Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты