
2023 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтеді, онда сот жүйесінің ұйымдық-кадрлық сұрақтары қаралады және 2023 жылғы 8 ақпанда жарияланған алқа төрағасы мен облыстық соттар судьяларының, аудандық соттар төрағаларының бос лауазымдарына конкурс нәтижелері шығарылады.
Конкурстық іріктеу қорытындыларын шығару онлайн трансляцияланатын болады. Хабар таратудың басталуы сағат 15:00-де.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты