
Ағымдағы жылдың 25 мамырында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы облысы аудандық сотының судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Қарағанды облыстық сотының судьясы сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Судьяларды жауапқа тартудың негізі судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау болды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Аудандық соттардың төрт судьясына қатысты тәртіптік іс жүргізу теріс қылық құрамының болмауына және оның елеусіздігіне байланысты, сондай-ақ Сот жюриінің шешімі бойынша судья қызметінен босатылуына байланысты тоқтатылды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты