
Бүгін Астанада Жоғары Сот Кеңесі мен Сингапур Республикасының судья қызметі жөніндегі Комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Іс-шара Сингапур Президенті Халима Якоб Қазақстанға мемлекеттік сапарына орайластырылды.
Қазақстан тарапынан құжатқа Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.А. Шипп, ал Сингапур тарапынан Жоғарғы Сот судьясы, судьялық қызмет жөніндегі Комиссияның мүшесі Си Ки Юн қол қойды.
Меморандум судьяларды іріктеу, даярлау және ілгерілету жүйелерін институционалдық дамытуға және жетілдіруге ықпал ететін бағдарламаларды жүзеге асыруда Кеңес пен судьялар қызметі жөніндегі Комиссияның екіжақты ынтымақтастығын көздейді. Тараптар бірлескен оқыту бағдарламаларын іске асыру туралы, сондай-ақ судья кадрларын іріктеу саласында білім мен тәжірибе алмасу туралы келісті.
Бұған дейін 2019 жылда Жоғары Сот Кеңесінің делегациясы жұмыс сапарымен Сингапур Республикасына барған болатын. Қазақстандық делегация құрамына Кеңес мүшелері мен Аппарат қызметкерлері, Жоғарғы Сот судьялары және Әділет министрлігінің өкілдері кірді.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты