
Ағымдағы жылдың 4 мамырында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Қостанай облыстық сотының және Павлодар облысы аудандық сотының екі судьясына судья қызметінен босату түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Алматы қаласы аудандық сотының судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Судьяларды жауапқа тартудың негізі судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау болды.
Сот жюриінің шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты