
Іс-шара елорданы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында өтті.
Сенбілік барысында Кеңес ұжымы Министрліктер үйінің жанындағы аумақты тазартты, бірнеше сағат белсенді жұмыс істегеннен кейін іргелес скверді ретке келтірді.
Кеңес мүшесі Гафур Шаровтың айтуынша, мұндай экологиялық іс-шаралар ведомство қызметкерлері үшін жақсы дәстүрге айналды: «Жалпықалалық сенбіліктер қаланы абаттандыруға ғана емес, сонымен қатар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тазалықты сақтауға қоғамның назарын аударуға бағытталған. Бүгін біз барлық ұжыммен Министрліктер үйінің маңындағы аумақты тазарту үшін шықтық, өткен жылы біз қаланы тазартуға және ағаш отырғызуға қатыстық. Барлығы өз аулаларын, ауылдары мен қалаларын көгалдандыруға үлес қосуы керек деп санаймын».

