
Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласы аудандық соттарының екі судьясы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысы аудандық сотының төрағасына сөгіс түрінде жаза қолданылды. Судьяларды жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты өрескел бұзу және судьялардың этикасына қайшы келетін теріс қылық жасау негіз болды.
Сот жюриінің бұл шешімдері заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судьялар оларға Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Сондай-ақ, тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты Астана қаласы мен Қарағанды облысы аудандық соттарының екі судьясына қатысты екі тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты