
2023 жылғы 10-12 сәуірде судья лауазымына біліктілік емтиханынның шеңберінде заңнаманы білуін компьютерлік тестілеу өткізілді.
Тестілеуге 106 адам қатысты, олардың ішінде 47 кандидат оң нәтижерелді көрсетті (сот жүйесінің қызметкерлері – 21, прокурорлар – 6, ұйымның заңгерлері – 11, адвокаттар – 4, , мемлекеттік органдарының қызметкері – 2, нотариус – 1, жұмыссыз – 2).
Аталған кандидаттар біліктілік емтиханынның келесі кезеңдеріне –эссе жазу, кейстегі есептерді шешу, психологиялық тестілеуге жіберіледі.