
2023 жылғы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтеді, онда сот жүйесінің ұйымдастыру-кадрлық сұрақтары қаралады және құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін конкурстың қорытындылары шығарылады.
Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру үшін 2022 жылғы 5 қарашада Мемлекет басшысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап конкурстық рәсімдерді онлайн-трансляциялауды енгізуді көздейтін заңға қол қойды.
Осыған байланысты, 2023 жылғы 27 қаңтарда жарияланған құқықтың жекелеген салаларындағы мамандарға арналған конкурстың қорытындысын шығару онлайн түрде таратылатын болады.
Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты