2018 жылы 24 тамызда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті

2018 жылы 24 тамызда Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті

Кеңес отырысының қорытындылары бойынша бос судья лауазымдарына конкурсты өткізу тәртібін жаңғыртып, Жоғары Сот Кеңесінің жұмысында жоспарлауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар мақұлданды, ол 2019 жылдан бастап қолданысқа енгізілетін болады. Сонымен қатар, Кеңес ағымдағы жылы қыркүйектен бастап судья лауазымына біліктілік емтиханын өткізудің жаңа жүйесін енгізу, судьялардың бос орындарына орналасуға конкурсқа қатысушы кандидаттарды бағалау және іріктеу критерийлерін одан әрі жетілдіру жөнінде шешім қабылдады. Осыған орай Кеңес регламентіне тиісті түзетулер бекітілді.

Сонымен бірге Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді, оның құрамына шетел сарапшылары мен HR-маман кірді.

Одан басқа, Кеңес жанында тұрақты негізде жұмыс істейтін сарапшылық-консультативтік комиссия құру туралы шешім қабылданды, ол ұлттық заңнама мен сот жүйесін жетілдіруге қатысты мәселелерді қарайды.

Сонымен қатар, Кеңес зейнеткерлік жасқа толған төрт судьяның қызметте болу мерзімін ұзартуға келісім және 15 судьяны лауазымдарынан босатуға ұсыным берді.

Кеңес отырысында мамандандырылған тергеу соттарының төрағалары мен судьяларының бос орындарына орналасуға  2018 жылы 12 маусымда жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.

Кеңес отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.

Жоғары Сот Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы нақты ақпарат Кеңестің сайтында орналастырылады.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты