
2018 жылғы 28 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде судьяларды іріктеу мен жылжытуды жетілдірудің жаңа әдістеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Ісшараға Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Құрықбаев Әділ Жамбасбайұлы, Балағұмарова Ардак Дүйсенбекқызы және Раисова Балгүл Амангелдіқызы қатысты.
Кездесу барысында Кеңес мүшелері судьялардың бос орындарына орналасуға конкурсты өткізу тәртібін жаңғыртудың және судья лауазымына біліктілік емтиханды тапсыруды жетілдірудің негізгі бағыттары туралы айтып берді, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жоғары Сот Кеңесінің аппараты