2018 жылы 27 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті

2018 жылы 27 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті
2018 жылы 27 қыркүйекте Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Т.С. Донақовтың басшылығымен Кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс жұмысына заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Кеңес отырысының қорытындылары бойынша бірқатар соттар судьяларының санын өзгертуге, Республика соттарының кейбір төрағаларын, сот алқалары төрағаларын және судьяларын лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату жөніндегі Жоғарғы Соттың ұсынымдары қаралып, келісім берілді.
Сонымен қатар, Кеңес зейнеткерлік жасқа толған судьялардың қызметте болу мерзімін ұзартуға келісім берді, судьялардың Сот жюриі тәртіптік комиссиясының шешімдеріне берген шағымдарын қарады.
Одан басқа, Кеңес отырысында аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға 2018 жылы 12 маусымда жарияланған конкурстың қорытындылары жасалды.
Сонымен бірге судьялыққа кандидаттардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру және судьялар арасындағы құқық бұзушылықтар профилактикасы мен оларға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жай-күйі мәселелері талқыланды.
Кеңес отырыстың қорытындылары бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.
Жоғары Сот Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы нақты ақпарат Кеңестің сайтында орналастырылады.
 

Қазақстан Республикасы

Жоғары Сот Кеңесінің аппараты